Accessibility links

Қазақ диаспорасы жайлы кітап шықты


"Казахская диаспора и репатриация. 1991-2012" кітабының таныстырылуы. Алматы, 5 маусым 205 жыл.
"Казахская диаспора и репатриация. 1991-2012" кітабының таныстырылуы. Алматы, 5 маусым 205 жыл.

Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Казахская диаспора и репатриация. 1991-2012» деп аталатын ғылыми монографиялар жинағының таныстырылымы өтті.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қолдауымен шыққан жинақта 1991 жылдан бері шетелдерден Қазақстанға оралған этникалық қазақтардың отандарына бейімделу және ықпалдасу тарихы жайлы баяндалған. Жинақ орыс тілінде шыққан. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев жинақ Қазақстандағы өзге де ұлт өкілдерінің отанына оралған қазақтар өмірі жайлы деректермен танысу үшін орыс тілінде шығарылғанын айтады.

Ресми мәлімет бойынша, 1991 жылдан 2015 жылдың басына дейінгі аралықта шетелден 952 мың 882 этникалық қазақ қоныс аударған.

XS
SM
MD
LG