Accessibility links

Обама мен Порошенко G-7 саммиті жайлы сөйлесті


АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) мен Украина президенті Петр Порошенко. Вашингтон, 18 қыркүйек 2014 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) мен Украина президенті Петр Порошенко. Вашингтон, 18 қыркүйек 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама мен Украина президенті Петр Порошенко телефон арқылы сөйлесіп, Украинаның шығысындағы жанжал және алдағы уақытта Германияда өткелі отырған «Үлкен жетілік» саммитінде Украина туралы жоспарланған келіссөздер жайын талқылаған.

Ақ үй баспасөз қызметінің хабарлауынша, Обама мен Порошенко жақында сепаратистік күштер мен Ресей әскерилерінің Донецк маңындағы жасаған шабуылына байланысты алаңдаушылық білдіріп, сепаратистер мен оларды қолдайтын Ресейді бұған дейін Минскіде жасалған келісім шарттарын бұлжытпай орындауға тағы да шақырған.

АҚШ президенті Украинаның егемендігі мен территориясының біртұтастығын табанды түрде қолдайтынын және халықаралық әріптестерін түбегейлі өзгерістер реформаларын жүргізіп жатқан Украинаға қолдау білдіруге жұмылдыру бағытында жұмыс істей беретінін айтқан.

Президент Обама сонымен бірге Украинаның шығысындағы жанжалды дипломатиялық жолмен шешуді және Ресей мен сепаратистерді Минск келісімдерінің шарттарын тұтас орындауға мәжбүрлеп көндіруді жақтайтынын білдірген.

XS
SM
MD
LG