Алматыда «Достық» спорт кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдығының құрметіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін қазақ күресінен 2-республикалық турнир өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа 75 палуан қатысқан. Бас бәйгеге тігілген Үлкен қажылыққа жолдама мен 750 мың теңге ақшалай сыйлықты Алматы облысынан қатысқан Жайық Қыңырбеков жеңіп алды. Екінші орындағы Жамбыл облысының өкілі Алмас Бегімбетов Кіші қажылыққа тегін жолдама мен 375 мың теңге иемденді. Ал осы жарысқа Қостанай облысынан келіп қатысып үшінші орын алған Ақжол Рақымжановқа сыйлыққа теледидар мен 200 мың теңге табыс етілді.
Мүфти жүлдесі үшін балуандар жарысы

1
Қазақ күресінен жарысқа Қазақстанның барлық облысынан мешіт өкілдері келіпті.

2
Грек-рим күресінен 1980 жылы Мәскеуде өткен олимпиада ойындары чемпионы Жақсылық Үшкемпіров жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

3
Қазақ күресінен жарысқа қатысушы балуандар.

4
Балуандар сайысы.

6
Қарсыласына жамбасқа алу әдісін жасап жатқан балуан.

7
Сайыс төрешісі жеңімпаздың қолын көтеріп тұр.

8
Турнирге қатысушы мен көрермен әңгімелесіп тұр.

9
Балуандар белдесуін тамашалап отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері.

10
Қазақ күресінен өткен жарысқа қатысушылар.

11
Қазақ күресінен республикалық турнир Алматыдағы "Достық" спорт кешенінде өтті.