Accessibility links

Тегеранда Washington Post журналисінің соты жалғасты


Washington Post-тың Тегерандағы бюросының басшысы Джейсон Резаян.
Washington Post-тың Тегерандағы бюросының басшысы Джейсон Резаян.

Тегеранда Washington Post басылымының журналисі Джейсон Резаянның үстінен қозғалған іс бойынша сот жалғасты. Сот тыңдауы жабық өтіп жатыр. Агенттіктердің хабарлауынша, Резаянның сотына Тегеран Революциялық сотының 15-бөлімі қатысып жатыр. Бұл бөлім негізінен саяси істер мен ұлттық қауіпсіздікке қатысы бар істерді қарайды.

26 мамырда өткен сот тыңдауында прокурорлар Washington Post басылымының Тегеран бюросының басшысы, Иран мен АҚШ азаматы Резаянға "құпия ақпаратты жинады", "жау үкіметтермен ынтымақтастық орнатты" және "режимге қарсы үгіт-насихат жүргізді" деген айыптар таққан. Бұл айыптар бойынша 39 жастағы Резаянға 20 жылға дейін сотталу қаупі бар.

Вашингтон бұған дейін резаянға қарсы істі "абсурд" деп атаған.

2014 жылы шілдеде тұтқындалғаннан бері Резаян Тегеранның "Эвин" түрмесінде қамауда отыр. Оның әйелі, журналист Егане Салехиге де күйеуімен бірдей айып тағылып, кепілге босатылған.

XS
SM
MD
LG