АҚШ президенті Барак Обама Ирактың Анбар провинциясына қосымша америкалық әскерилер - әскери кеңесшілер мен жаттықтырушылар жіберуді мақұлдады. Әскери кеңесшілер мен жаттықтырушылар Ирак үкіметі әскерінің "Ислам мемлекеті" ұйымымен күресіне көмек көрсетеді.
Ақ үй басшысы бұған қоса Ирак армиясы мен күрд жасақтарына қажетті әскери жабдықтар мен материалдар жеткізуді жеделдетуге де бұйрық берді. Президент әкімшілігінің мәлімдеуінше, Иракқа қосымша әскери қызметкерлер жіберу шешімі Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абадидің сұрауы бойынша және Пентагонмен кеңесе отырып қабылданған.
Енді Иракта әскери дайындық орталықтарының саны төрттен беске дейін артып, ол ирактықтардың экстремистермен күреске көптеп тартылуына мүмкіндік жасайды.
"Ислам мемлекеті" ұйымымен күрестегі еріктілердің көпшілігі - сүнниттер. Обама әзірге Ирактағы әскери іс-қимылдарға тікелей қатысатын америкалық әскерилер санын ұлғайтудан бас тартып отыр.