Accessibility links

Ресейде 23 миллиондай адам кедейлік шегінде тұрады


Ресейлік зейнеткерлер. (Көрнекі сурет).
Ресейлік зейнеткерлер. (Көрнекі сурет).

Ресми деректер бойынша, Ресейде кедейлік шегінде өмір сүріп жатқан азаматтар саны биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 3,1 миллионға көбейіп, 22,9 миллион адамға жеткен. Бұл - Ресей халқының 15,9 пайызын құрайды. Өткен жылдың осы мерзімінде кедейлік шегінде тұрып жатқан, айлық табысы 9 мың 662 рубльден аспайтын ресейліктер саны 19,8 миллион адам болған.

Ресейдің статистика агенттігі жыл басында 17 пайызға жеткен инфляцияны көрсететін кедейлік шегі классификациясына өзгеріс енгізді. Бұрын айлық табысы 7 мың 688 рубльден аспайтын азаматтар кедейлік шегінде деп саналған. Өткен жылы рубль құны 40 пайызға дейін арзандаған. Ресей валютасы құнсызданып, мұнай бағасының арзандауы мен Украина дағдарысынан тауар бағасы қымбаттап барады.

Ресей Украинадағы қақтығыстарға байланысты өзіне санкция енгізген бірқатар батыс елінен азық-түлік тауарларын импорттауға тыйым салып, ол елдегі азық-түлік бағасының күрт өсуіне әкеп соқтырған.

XS
SM
MD
LG