Accessibility links

Тарик Азиз Иорданияға жерленді


Ирактың бұрынғы басшысы Саддам Хусейннің серіктерінің бірі болған Тарик Азиз. Бағдад, 25 ақпан 2003 жыл.
Ирактың бұрынғы басшысы Саддам Хусейннің серіктерінің бірі болған Тарик Азиз. Бағдад, 25 ақпан 2003 жыл.

Иордания астанасы Амманда жүздеген ирактықтар мен иордандықтар дипломат Тарик Азиздің жаназасына қатысты. Ирактың бұрынғы басшысы Саддам Хусейннің жоғары лауазымды христиан дінді серіктерінің бірі болған Азиз христиандардың тарихи қаласы Мадабқа жерленді.

Тарик Азиз маусымның 5-і күні Ирактың Ән-Насирия қаласындағы түрмеде жүрек талмасынан көз жұмған. Оның сүйегі Иорданияға апара жатқан жолда, Бағдат халықаралық әуежайында "жоғалып кетті" деп хабарланып, қайта табылған.

Азиз 1980 жылдары шиит саясаткерлерін өлтіру мен қудалауға қатысқан деген айыппен 2011 жылы өмірлік түрме жазасына кесілген. Ирак жоғарғы соты 2010 жылы Тарик Азизді өлім жазасына бұйырғанымен ел президенті Джаляль Талабани оған қол қоюдан бас тартқан. Соңғы кездері денсаулығы нашарлап кеткені хабарланған саясаткердің жазасын жеңілдетуді Еуропа Одағы, Ватикан мен Ресей де сұраған.

Тарик Азиз 2003 жылы Ирактағы диктаторлық билікті құлатқан америкалық әскерге берілген.

XS
SM
MD
LG