Accessibility links

"Қазгидромет": Келер апта жауын-шашынды болады


Толассыз жауған жаңбырдың астында қалған жұрт. Алматы, 3 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Толассыз жауған жаңбырдың астында қалған жұрт. Алматы, 3 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан аумағына алдағы аптада Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс ауданы жақтан салқын ауа ағысы келеді деп хабарлады "Қазгидромет".

"Көптеген облыстарда келер аптаның бас кезінде найзағай ойнап, жаңбыр кейде бұршақ жауып, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге жетеді. Күн 3-5 градусқа салқындайды" дейді мекеме.

Астанада жаңбыр не бұршақ жауып, жел соғып, ауа температурасы 15-17 градус маңында болады. Алматы маңында желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетіп жаңбыр, кейде бұршақ жаууы мүмкін. Сондықтан "Қазгидромет" тұрғындарға тауға шықпай қоя тұруды кеңес етеді.

Елдің батыс аймағында күн ыстық болады.

XS
SM
MD
LG