Accessibility links

Джордан Сонненбликтің повесі қазақ тіліне аударылды


Америкалық жазушы Джордан Сонненбликтің қазақ оқырмандарына үндеуі. Алматы, 17 маусым 2015 жыл.
Америкалық жазушы Джордан Сонненбликтің қазақ оқырмандарына үндеуі. Алматы, 17 маусым 2015 жыл.

Алматыда бүгін америкалық жазушы Джордан Сонненбликтің "Барабандар, қыздар мен "қауіпті пирог" атты повесінің қазақшаға аударылып, басылған нұсқасы таныстырылды. Повесте бозбаланың өмірдегі қиындықтармен қалай кездесіп, оларды мектебі мен достарының көмегімен қалай жеңіп шыққаны баяндалады.

Кітапты қазақ тіліне журналист, саясаттанушы Мұхтар Сеңгірбай аударған. Қазақшаға аударылатын кітапты Сапарғали Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы анықтаған. Кітаптың таныстырылымы осы кітапханада өтті.

Таныстырылымға қатысқандарға Джордан Сонненбликтің Қазақстандағы оқырмандарға арнаған бейне жолдауы көрсетілді.

Кітаптың таныстырылымына АҚШ бас консулдығының баспасөз, мәдениет және білім мәселелері жөніндегі кеңесшісі Чарльз Мартин қатысып, қазақ тілінде сөз сөйледі. Жас қазақ актері Сануржан Сүлейменов кітаптан үзінді оқыды.

Джордан Сонненблик - қазіргі заманғы жасөспірімдер әдебиеті тақырыбында жазатын америкалық жазушы. Қазірге дейін оның ағылшын тілінде сегіз кітабы жарық көрген. "Барабан, қыздар мен қауіпті бәліш" - жазушының 2004 жылдан бері шыққан алғашқы повесі.

АҚШ бас консулдығы мен Алматыдағы Сапарғали Бегалин атындағы кітапхананың кітап аудару жобасы бес жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы уақытта америкалық авторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған бес повесі аударылған.

XS
SM
MD
LG