Accessibility links

АҚШ-та шіркеудегі шабуылға күдікті ұсталды


Оңтүстік Каролина штатындағы шіркеудегі шабуылға күдікті Дилан Руф.
Оңтүстік Каролина штатындағы шіркеудегі шабуылға күдікті Дилан Руф.

АҚШ полициясы Оңтүстік Каролина штатының Чарльстон қаласындағы шіркеуде тоғыз афроамерикалықты өлтіруге күдікті ретінде 21 жастағы ақ нәсілді Дилан Руфтың ұсталғанын хабарлады. Оңтүстік Каролинаның Колумбия қаласынан шыққан Дилан Руф көршілес Солтүстік Каролинада ұсталған.

17 маусымда Чарльстон қаласында Имануэль Африка методистерінің епископтық шіркеуінде ер адам шіркеуге келушілерге оқ атып, тоғыз адам мерт болған. Қаза тапқандардың алтауы әйел, үшеуі ер адам, оның ішінде Демократиялық партия атынан сайланған АҚШ сенатының мүшесі де бар. Полиция шабуылды жеккөрушіліктен жасалған деп қарастырып жатыр.

Соңғы бірнеше жылда АҚШ-та діни орындарда осынша адам көп қырылған шабуыл болмаған. АҚШ президенті Барак Обама мұндай қарулы шабуылдармен күрес шараларын қабылдауға шақырды.

XS
SM
MD
LG