Тараз қаласында Жамбыл облыстық әкімінің аппараты орналасқан көп қабатты ғимарат өртеніп жатыр деп хабарлады жергілікті агенттіктер.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Желтоқсан мен Сүлейменов көшелерінің қиылысындағы 9 қабатты ғимарат өртеніп жатқаны туралы ақпарат өрт сөндіру қызметіне сағат 16:41-де түскен. Тоғыз қабатты ғимаратта әкім аппараты, бірінші қабатта студенттер клиникасы, түрлі мекемелердің кеңселері орналасқан. Өрттен зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген. Ғимараттағы барлық адамдар эвакуацияланған.
Өртті сөндіруге тоғыз техника тартылған.