Accessibility links

Назарбаев пен Порошенко телефонмен сөйлесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 22 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 22 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президентінің ресми сайты Нұрсұлтан Назарбаевтың Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады.

Сайтта "Әңгімелесу барысында Порошенко қол жеткізілген бұрынғы уағдаластықтарға сәйкес Украина Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру үдерісін қолдағанын айтқаны, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткен қолдауы үшін Украина президентіне ризашылық білдіргені" жазылған.

Ақорданың хабарлауынша, "екі ел басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне қатысты пікір алмасып, алда өтетін Қазақстан-Украина экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссия отырысында жемісті нәтижелерге қол жеткізіледі деп үміттенетіндерін" білдірген.

Қазақстан мен Украина президенттері Порошенконың Астанаға жасайтын алдағы сапарын да талқылаған.

XS
SM
MD
LG