Accessibility links

Азаттық Ереванда журналистерге күш қолданылғанын айыптады


Ереванда электр қуаты тарифтерінің қымбаттауына қарсылық танытқан демонстранттарды полиция сумен атқылап қуып таратып жатыр. Армения, 23 маусым 2015 жыл.
Ереванда электр қуаты тарифтерінің қымбаттауына қарсылық танытқан демонстранттарды полиция сумен атқылап қуып таратып жатыр. Армения, 23 маусым 2015 жыл.

Еревандағы электр қуаты тарифтерінің қымбаттауына қарсы демонстрацияны қуып тарату кезінде 230-дан астам белсенді ұсталып, соққыға жығылды. Полиция арнайы жасағының зорлық-зомбылығын түсірген журналистер де ұсталып, соққыға жығылды. Полиция журналистердің көпшілігінің құрал-жабдығын сындырып, оқиғадан түсірген суреттері мен видеоларын тартып алды.

"Азат Еуропа Азаттық Радиосыың" бас редакторы Ненад Пейч полицияның оқиғадан хабар таратқан Азаттықтың Армян қызметінің журналистері мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне күш қолданғанын айыптады. Ол Азаттық журналистерінің өз жұмысын атқарып, армян қоғамының пайдасы үшін хабар таратқанын мәлімдеді. "Біз мұндай килігуді айыптаймыз" деді Ненад Пейч.

Ал Азаттықтың Армян қызметінің директоры Гарри Тамразян "Бұл қатыгез әрі төзуге болмайтын, полицияның қандай да бір әдеп нормаларына сай келмейтін шабуыл болды" деді.

АҚШ-тың Армениядағы елшілігі күш қолдануға алаңдаушылық білдіріп, Ереванды журналистердің ұсталып, соққыға жығылуын "толыққанды және шынайы тексеруге" шақырды.

"Біз операция барысында журналистер мен олардың құрал-жабдықтарының полиция нысаны болғаны туралы хабарларға алаңдаймыз" деп мәлімдеді АҚШ елшілігі.

23 маусымда Еревандағы наразылық шеруін видеоға түсірген Азаттықтың Армян қызметінің операторлары Гарик Арутюнян және Гарик Азибекянды полиция арнайы жасағы соққыға жыққан. Гарик Арутюнян тұтқындалып, полиция бөліміне апарылған. Гарик Aзибекян тұтқынға түспегенімен, қауіпсіздік күштері оның камерасынан картасын тәркілеген.

Азаттықтың Армян қызметі хабарлағандай, полиция қызметкерлері мыңдаған адам қатысқан наразылық акциясын түсіруге қойылған камералардың флэш карталарын тәркілеген. Полиция қызметкерлері бір камера мен тікелей толқында трансляция жасау құралын және телефонды да сындырған.

XS
SM
MD
LG