Accessibility links

Бакудегі жарыста бір адам апаттан қаза тапты


Британиялық азамат қаза тапқан жол апаты болған аймақ. Баку. 23 маусым 2015 жыл.
Британиялық азамат қаза тапқан жол апаты болған аймақ. Баку. 23 маусым 2015 жыл.

Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан Еуропа ойындарының ашылу және жабылу салтанатын ұйымдастырушы компанияның өкілі қаладағы жол апатынан қаза тапты. Бакуде жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, оқиға 23 маусымда Бакудегі Гейдар Алиев даңғылында болған. Жүк көлігінің рөлінде отырған жүргізуші де мерт болған. Оқиға жайлы толық ақпарат әлі берілген жоқ.

"Қаза тапқан әріптесіміз Ұлыбритания азаматы еді. Оның есімін әзірге жариялай алмаймыз. Ал жарақат алған үш әріптесіміз ауруханаға жеткізілді" деп мәлімдеді Бакудегі Еуропа ойындары салтанатын ұйымдастырушы компания.

Бұл деректі "Баку-2015" ұйымдастыру комитетінің операциялық директоры Саймон Клегг 24 мамырда өткен арнайы брифингте де растады.​

Бакуде өтіп жатқан Еуропа ойындары басталар сәтте атлеттер қалашығында австриялық спортшыларды автобус қағып кетіп, зардап шеккен бірнеше спортшы арнайы ұшақпен елдеріне қайтарылған еді.

XS
SM
MD
LG