Accessibility links

Францияда шабуылдан бір адам мерт болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Францияның шығысындағы Гренобль қаласы маңында бүгін арабша жазуы бар ту ұстаған қарулы адам бір адамды өлтіріп, бірнеше адамды жаралады деп хабарлайды құқық қорғау орындарындағы дереккөздеріне сілтеме жасаған France Press агенттігі.

Күдікті шабуылшы газ зауытына басып кіріп, бірнеше шағын жарылыс құрылғысын тастаған. Зауыт маңында басы кесілген адамның денесі табылған. Тағы бірнеше адам қаза тапқаны туралы дерек бар.

Кейбір мәліметтер бойынша, бір адам тұтқындалған. Тағы бір деректерде шабуылды арабша жазуы бар ту ұстаған екі адам жасағаны айтылады.

Қаңтар айының басында Парижде содырлар сатиралық Charlie Hebdo журналы редакциясына шабуыл жасап, 17 адам мерт болған.

Франция ішкі істер министрі Бернард Газнев дереу оқиға орнына баратынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG