Accessibility links

Армения президенті Ресей министрімен электр тарифін талқылады


Армения президенті Серж Саргсян (оң жақта) Ресейдің көлік министрі Максим Соколовпен амандасып тұр. Ереван, 26 маусым 2015 жыл.
Армения президенті Серж Саргсян (оң жақта) Ресейдің көлік министрі Максим Соколовпен амандасып тұр. Ереван, 26 маусым 2015 жыл.

Армения президенті Серж Саргсян 26 маусым күні Ресей көлік министрі Максим Соколовты қабылдады. Соколов Армения-Ресей экономикалық ынтымақтастығы комиссиясының Ресей тарапындағы төрағасы.

Кездесу кезіне Саргсян Еревандағы электр тарифінің қымбаттауына байланысты болып жатқан шерулер жайын да айтқан.

Ол Ресей шенеуніктеріне электр қуатының өзіндік құнының өсуіне байланысты Армения үкіметінің халыққа ұнамайтын шешімдер қабылдағанын айтқан. Саргсян ресейліктер меншігіндегі "Армения электр желілері" қызметінде "кемшіліктер" болуы мүмкін екенін айтып, Армения-Ресей экономикалық ынтымақтастығы комиссиясын Армениядағы ресейлік космпаниялар қызметін тексеруге шақырған.

Армения президенті Ресейдің елдегі ең ірі инвестор (3 миллиард доллар) екенін айта келіп, "екінші жағынан әлеуметтік жауапкершілікті де ескеру керек" екенін білдірген.

Серж Саргсян Армениядағы электр қуатын өндіріп, таратушы «Интер РАО ЕЭС» компаниясының қызметіне мұқият аудит жасау қажеттігін де айтқан. Саргсян "ол аудитті жүргізетін топ ішіне азаматтық қоғам өкілдерін де кіргізу қажет екенін" ескерткен. Максим Соколов ресейлік компанияны дағдарыстан шығарудың бағдарламасы жасалғанын хабарлап, аудитке "барлық мүдделі тараптардың өкілдері қатысқаны жөн болатынын" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG