Accessibility links

Алматыдағы атыстың жаңа деректері жарияланды


"Жібек жолы" базарындағы атыс
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:33 0:00

ВИДЕО: "Жібек жолы" базарындағы атыс

25 маусым күні кешке Алматының Алатау ауданындағы «Жібек жолы» базарында полицияның күдікті екі адамды ұстау операциясы кезінде атыс болып, бір күдіктінің оққа ұшып қаза тапқаны, екіншісінің ұсталғаны хабарланған еді. Азаттық бұл жөнінде мақала арнап, оқырман жолдаған видеоны да жариялаған.

Алматы қаласының ішкі істер департаментінің (ІІД) хабарлауынша, тергеу жұмыстары нәтижесінде полициямен атысқан екі адамның "Шығыс Қазақстан облысында туғаны" анықталған. ІІД ақпаратына қарағанда, "Олар кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасамақшы болған. Олардың ізін кесу кезінде автокөліктері қоршауға алынған". Алайда күдіктілер полицияға қарсы қарудан оқ атқан. Атыс кезінде біреуі қаза тауып, ұсталған екінші адам Алматы ІІД-сінің абақтысында жатыр.

"Тергеушілер қылмыскерлер көлігінен карабин, револьвер және травматикалық тапанша сияқты қарулар тапқан. Қарулар экспертизаға жіберілген".

XS
SM
MD
LG