Accessibility links

Назарбаев Миландағы Expo-да Қазақстан күнін ашады


Expo 2015 көрмесінің бір бөлігі.
Expo 2015 көрмесінің бір бөлігі.

Миланда өтіп жатқан 2015 жылдың бүкіләлемдік әмбебап көрмесінде (Expo 2015) бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан күнін ашады. Президент баспасөз қызметі мәліметіне қарағанда, Назарбаев Қазақстан павильонына барып, мемлекеттік туды көтереді, Италия премьер-министрі Маттео Ренцимен кездеседі. Осы күні бизнес-форум өтеді.

"ИТАР-ТАСС" агенттігі ақпаратына қарағанда, Миландағы көрменің Қазақстан секциясы бас комиссары Әнуарбек Мұсин "Қазақстан павильонына күніне 4 мың 500-дей адам келетінін" айтқан. Ұлттық павильон екі қабатты ғимаратта орналасқан, "Қазақстан - мүмкіндіктер елі" деп аталады.

XS
SM
MD
LG