Accessibility links

Египет бас прокуроры қастандықтан көз жұмды


Египет бас прокуроры, қастандықтан қаза тапқан Хишам Баракат.
Египет бас прокуроры, қастандықтан қаза тапқан Хишам Баракат.

Египет бас прокуроры Хишам Баракат қастандық салдарынан алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. Египет әділет министрі Ахмед әл-Зинд Баракаттың 29 маусымда ауруханада қайтыс болғанын хабарлады. Бас прокурор мінген кортеж 29 маусымда Каирдің солтүстік-батыс Гелиополис ауданында әскери академия аумағында келе жатқанда жарылыс болып, Баракат пен оның бірнеше оққағары жараланып ауруханаға түскен.

Экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымы таяуда Египетте алты содыр дарға тартылғаннан кейін бұл елдің құқық қорғау органдарына қарсы шабуыл жасауға шақырған.

Египеттің исламшыл президенті Мұхаммед Мурси 2013 жылы биліктен қуылғаннан бері Хишам Баракат күдікті мыңдаған содырдың ісін қарап, олардың жүздегені өлім жазасына кесілген.

XS
SM
MD
LG