Accessibility links

АҚШ пен Куба елшілік ашуға келісті


Куба президенті Рауль Кастро (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама.
Куба президенті Рауль Кастро (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама.

30 маусымда АҚШ пен Куба 1961 жылдан бері үзілген өзара дипломатиялық қарым-қатынасты толық қалпына келтіріп, екі елдің астаналарында елшіліктер ашу туралы келісімге қол жеткізді. Бұл туралы сәрсенбі күні АҚШ президенті Барак Обама мен мемлекеттік хатшы Джон Керри тиісті мәлімдемелер жасамақшы.

Бірақ бұл келісім Кубаға салынған эмбаргоның күшін жоймайды.

АҚШ-тың Кубаға қарсы эмбаргосын жою үшін Конгрестің шешімі қажет. Осыған дейін АҚШ парламенті қос палатасының басым дауысына ие республикалықтар эмбаргоны жоюға келіспейтіндерін, оған қарсы дауыс беретіндерін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG