Accessibility links

Әзербайжанда "ИМ-ге қатысы бар" он адам сотталды


"Ислам мемлекетінің" туы

Әзербайжан соты «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобымен байланысы бар» деп айыпталған 10 адамды төрт жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырды. Сотқа тартылғандар арасында кәмелеттік жасқа толмағандар төрт жылға түрмеге кесілді.

Баку сотының өкілі сотталғандар 2014 жылы ұсталғанын, олардың жалпы саны 26 болғанын мәлімдеді. Қалған адамдарға қатысты сот процесі алдағы уақытта жалғаспақ.

2014 жылы қыркүйекте Әзербайжан ұлттық қауіпсіздік министрлігі «Сирия, Ирак және Пәкістанда заңсыз қарулы топ құрды, оларды қару-жарақпен қамтамасыз етті және ИМ тобын қорғады» деген айыппен 26 адамды ұстаған.

Министрліктің мәлімдеуінше, ұсталғандардың біразы алдымен Пәкістанда «Талибан» құрамында соғысып, кейін Сирияға аттанған.

XS
SM
MD
LG