Accessibility links

Египетте шабуылдар барысында ондаған адам қаза тапқан


Шейх-Зувейд аймағындағы қақтығыстан көрініс. 1 шілде 2015 жыл.
Шейх-Зувейд аймағындағы қақтығыстан көрініс. 1 шілде 2015 жыл.

«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобымен байланысы бар содырлар ұйымдастырған бірнеше шабуыл салдарынан Египеттің 64 сарбазы және төрт бейбіт тұрғын мерт болған. Содырлар қатарынан 90 адамның қаза тапқаны хабарланды.

Қарулы содырлар Шейх-Зувейд аймағындағы бақылау бекеттерін нысанаға алған. Шабуыл кезінде бір жанкешті өзін жарып жіберген. Ал Египет әскері бұл шабуылға жауап ретінде әуеден соққы берген.

Бұған дейін жасалған шабуылдан Египет бас прокуроры өлтірілген соң ел президенті Абдул-Фаттах әл-Сиси исламистермен күресті күшейтетінін мәлімдеген.

Арнайы жасақ ел астанасы Каирда арнайы рейд жүргізіп, «Мұсылман бауырлар» қозғалысына мүше болуы мүмкін деген күдікке ілінген тоғыз адамды өлтірген. Египетте билікке қарсылық танытып жүрген «Ансар Бейт әл-Макдис» қарулы тобы былтыр күзде ИМ экстремистік ұйымына адал болуға серт беретінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG