Accessibility links

Ресей Арменияға қару-жарақ алуға несие бермек


Еревандағы әскери парад. (Көрнекі сурет)
Еревандағы әскери парад. (Көрнекі сурет)

Ресей Арменияға қару-жарақ сатып алуға және қарулы күштерді жетілдіруге 200 миллион доллар көлемінде несие береді. Бұл туралы Армения парламенті сессиясында елдің қорғаныс министрінің орынбасары Ара Назарян мәлімдеді. Оның айтуынша, осы несие «елдің қазіргі заманғы жаңа қару-жараққа ие болуына және аймақтағы күштер теңгеріміне елеулі ықпал етеді».

Бұдан соң Армения парламенті Ереванда өткен аптада қол қойылған келісімді ратификациялады.

Армения 13 жылға үш пайыздық жылдық өсіммен берілетін және төлем мерзімі үш жылға шегерілген Ресей несиесіне 2015 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықта ресейлік қару-жарақ сатып алады деп жоспарланған.

Армения – Оңтүстік Кавказдағы Мәскеудің негізгі одақтасы. Бұған дейін Ереван Ресейдің Әзербайжанға қару-жарақ сату туралы келісімдеріне байланысты алаңдаушылық танытқан еді. Әзербайжан мен Армения соңғы 20 жыл бойы Таулы Қарабақ өлкесі үшін бір-бірімен қырғи-қабақ болып отыр.

XS
SM
MD
LG