Accessibility links

Байқоңырдан «Прогресс» жүк кемесі ұшырылды


«Прогресс М-28 М» жүк кемесі тиелген «Союз-У» зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағында. 1 шілде 2015 жыл.
«Прогресс М-28 М» жүк кемесі тиелген «Союз-У» зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағында. 1 шілде 2015 жыл.

Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс М-28 М» жүк кемесі тиелген «Союз-У» зымыран-тасығышы ұшырылды. Кеме халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) шілденің 5-і күні түйіседі деп жоспарланған.

«Прогресс М-28 М» кемесі ХҒС-на жеткізетін екі тоннадан астам жүкте оттегі, отын, ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған және өзгедей құрал-жабдықтар, азық-түлік пен ғарышкерлерге сәлемдемелер бары хабарланды.

Бұл биыл сәуірдің 28-і күні Байқоңырдан ХҒС-на жүк алып ұшқан кеме апатқа ұшырағаннан бері «Прогрестің» ғарышқа алғаш рет ұшырылуы.

28 маусым күні ХҒС-на жүк тиеп АҚШ-тан ұшырылған Falcon-9 зымыран-тасығышы да әуеге көтерілген соң жарылып кеткен еді.

АҚШ ғарыш агенттігі (НАСА) мен Ресей ғарыш орталығы екі бірдей жүк кемесінің апатқа ұшырауына қарамастан ХҒС-сындағы экипаж азық-түлік пен өмір сүруге қажет басқа да керек заттарсыз қалмайды деп мәлімдеген.

ХҒС-сында қазір ресейлік ғарышкерлер Геннадий Падалка, Михаил Корниенко және АҚШ астронавты Скотт Келли жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG