Accessibility links

Сауалнама: Грекияда қатаң экономиканы қолдаушылар көбейді


Грекия банкі алдында наразылық шеруіне шыққан зейнеткерлер. Афина, 1 шілде 2015 жыл.
Грекия банкі алдында наразылық шеруіне шыққан зейнеткерлер. Афина, 1 шілде 2015 жыл.

Соңғы жүргізілген сауалнама нәтижелеріне қарағанда, Грекияда халықаралық несие берушілер талабын жақтаушылар саны оған қарсылар санынан сәл көбейе түскен. Несие берушілер талабын қолдаушылар 44,8 пайызға жетіп, қарсылар 43,4 пайызды құраған. Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 12 пайызы әлі ұстанымын айқындамаған. Грекиядағы жағдай бірер күн бұрын ғана мүлдем басқаша болған еді.

Грекияда халықаралық жеңілдетілген несие алу үшін қатаң экономикалық реформалар жүргізу жайы 5 шілдеде өтетін референдумда дауысқа түседі. Референдумға дейін Афинаның қарызын реттеуге байланысты барлық келіссөз тоқтатылған.

Грекияға несие беруші халықаралық үш ұйымның бірі - Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) пікірінше, алдағы үш жылда Грекияға банкротқа ұшырамауы және қаржылық ауыртпалықты жеңілдетуі үшін тағы 50 миллиард еуро қажет болмақ.

30 маусымда Грекияға дағдарыспен күресте көмек көрсету бағдарламасының әрекет ету мерзімі аяқталған.

1 шілдеге дейін Афина ХВҚ-ға несие берешегін өтеуге тиіс 1,5 миллиард еуро төлей алмай қалып, Грекия дефолт болған.

Грекия банктері мен қор биржалары осы аптада жұмыс істемейді. Есеп-шоттардан ақша алуға да шектеу қойылған.

XS
SM
MD
LG