Accessibility links

Мемлекет басшылары Назарбаевты туған күнімен құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бірқатар елдердің басшылары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, тілек білдіріп жатыр деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.

Ресми akorda.kz сайтында жарияланған хабарламаларда Назарбаевты Ресей президенті Владимир Путин, Украина президенті Петр Порошенко, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Германияның бұрынғы президенті Герхард Шредер, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Сербия президенті Томислав Николич телефонмен құттықтағаны айтылады. Бұған қоса Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен Чехия президенті Милош Земан құттықтау хатын жолдаған.

Назарбаев Украина, Беларусь, Тәжікстан президенттерімен телефонда екі жақты ынтымақтастық мәселелерін де талқылаған.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 6 шілдеде 75 жасқа толып отыр. Бұл күні қазақстандықтар Астана күнін мерекелейді.

XS
SM
MD
LG