Accessibility links

Царнаев сот шешіміне шағым түсірмек


"Бостон марафонында жарылыстар ұйымдастырды" деп өлім жазасына кесілген Джохар Царнаевтың соттағы суреті.
"Бостон марафонында жарылыстар ұйымдастырды" деп өлім жазасына кесілген Джохар Царнаевтың соттағы суреті.

Екі апта бұрын өлім жазасына кесілген Джохар Царнаев істі қайта қарауға өтініш түсірмек. Оның адвокатының айтуынша, аппеляцияға арыз 17 тамыз күні беріледі.

АҚШ федералдық сотының судьясы маусым айында "Бостон марафонында жарылыстар ұйымдастырды" деп айыпталған Джохар Царнаевты ресми түрде өлім жазасына кескен еді.

Джохар Царнаев пен оның ағасы Тамерлан Царнаевтың 2013 жылдың 15 сәуірі күні марафон мәреге жетіп қалған тұста жасаған екі жарылысынан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған. Тамерлан Царнаев оқиғадан бірнеше күннен соң полициямен атыста оққа ұшқан.

XS
SM
MD
LG