Accessibility links

Ақмола мен Павлодарда 1500 бастан астам мал қырылған


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, аймақтағы 1200 бастан астам ұсақ мал суықтан қырылған.

"6 шілдеде Ерейментау ауданында толассыз жауыннан кейін ауа температурасы +5 +7ºС градусқа дейін түсіп кетті. Соның салдарынан малдардың жаппай қырылып қалды. Алты мал шаруашылығы фермасы мен жеке шаруашылықтардан барлығы 1261 бас мал өлген" деп хабарлады департамент.

Өлген малдардан қан алынып, Астанаға арнайы бактериялық тексеріске жіберілген. Қазір өлген малдарды көму және жою шаралары жүріп жатыр.

Департамент, Ақмола облысында болған бұршақтан Сандықтау ауданында 2120 гектар егістікке зақым келгенін де хабарлады.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті аймақта қатты жауған жауын мен күннің күрт суытуынан 500-ге жуық қой-ешкі қырылғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG