Беларусь Ресейден үш миллиард АҚШ доллары көлемінде несие беруді сұрады. Бұл жайында Ресей қаржы министрі Антон Силуанов Уфада өтіп жатқан БРИКС бірлестігі саммитінде хабарлады.
Силуановтың сөзінше, Минскінің сұрауы Беларусьтің Ресейдің бұған дейінгі несиелендіру бағдарламасы шарттарын орындағанына қарай қарастырылады.
Мәскеу соңғы бірнеше жылда Минскіге бірнеше миллиард доллар несие берген. Беларусь соңғы несие - 110 миллион доллар займды Ресейден биыл сәуірде ғана алған.
2014 жылдың соңында Ресей билігі Беларуське атом электр станциясын салу үшін 10 миллиард көлемінде займ және мемлекеттік қарызын өтеп, алтын-валюта қорын толықтыру үшін бір жарым миллиард доллар мемлекеттік несие беруді шешкен.