Accessibility links

Йеменде гуманитарлық бітім басталғаны хабарланды


Йемендегі хуситтер қарулы тобының мүшелері.
Йемендегі хуситтер қарулы тобының мүшелері.

БҰҰ бүгін, шілденің 10-ынан Йеменде гуманитарлық бітім басталғанын, оның Рамазан айы біткенше, яғни 17 шілдеге дейін жалғасатынын мәлімдеді.

БҰҰ Йемендегі дағдарысты ең жоғарғы үшінші деңгейлі деп бағалап, елдің жарты бөлігінде азық-түлік тапшылығы басталғанын хабарлаған.

Наурыз айынан бастап Йемендегі шиит көтерілісшілері - хуситтер билікті басып алу үшін бастаған көтеріліске Сауд Арабиясының басшылығымен араб елдері халықаралық коалициясы әуе соққыларын жасап жатыр. БҰҰ есебінше, осы уақыт ішінде Йеменде қақтығыстан үш мыңнан аса адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG