Accessibility links

Уфа саммиті

Башқұртстан астанасы Уфа қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және БРИКС-ке (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Республикасы) мүше елдер басшыларының саммиті аяқталды. Биыл осы екі ұйымға да Ресей төрағалық етеді. Ресми деректер бойынша, оған дайындыққа үш жылда 10 миллиард рубльден аса қаржы (қазіргі бағаммен 180 миллион доллар шамасында) жұмсалған. Оппозициялық БАҚ шала істелген құрылыс және жөндеу жұмыстары мен қаржының мақсатсыз жұмсалғаны жайлы жазды. Блогерлер ақауға толы және шалағай істердің дәлелі ретінде фотосуреттер жариялады. Саммит кезінде қалада жолдар жабылып, полиция тексеруі мезі ететіндігінен қауіптенген кейбір тұрғындар жиын аяқталғанша қаладан кете тұруды ұйғарған.
Түгел оқыңыз

Тағы

XS
SM
MD
LG