Accessibility links

Астанада күн электр энергиясы құрылғысы таныстырылды


Астанада таныстырылған тәжірибелік мақсаттағы SunPower Oasis C 7 энергетикалық қондырғысы. 10 шілде 2015 жыл.
Астанада таныстырылған тәжірибелік мақсаттағы SunPower Oasis C 7 энергетикалық қондырғысы. 10 шілде 2015 жыл.

Астанадағы Назарбаев университетіндегі Nuris технопаркінде SunPower Oasis C-7 деп аталатын күн энергетикалық қондырғысының ресми тұсаукесері өтті. Қуаттылығы 25 киловатт-пик беретін, "Қазақстанда бұрын баламасы болмаған" деп таныстырылған, «Тоталь» және «СанПауэр» компаниялары ұсынған бұл қондырғы Назарбаев университетінде зерттеуден өтпек.

- Жоба орталықтан алыстағы елді мекендер мен ауылдық жерлерде электрмен жабдықтау проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Сосын, атмосфераға ластанған зиянды заттардың шығарылуын азайтады, - дейді жобаның менеджері Фархат Мұратов.

Жаңа қондырғыны таныстырған мамандар оның құны қанша болатынын ашып айтпады. Бірақ, осындай қондырғылар елде жасалса, сұраныс көп болғанда ғана жобаның өзін өзі ақатайтынын хабарлады.

Қазақстан соңғы жылдары балама энергия көздерін пайдалануды қолға ала бастады. Энергетика министрлігінің дерегі бойынша, қазір Қазақстанда пайдаланылатын электр энергиясының 0.6 пайызы балама энергия көздерінен алынады.

XS
SM
MD
LG