Астанада құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан алты жұмысшы құрылыс ғимаратынан құлап, оның үшеуі қаза тапты деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.
Департамент мәліметінше, алдын-ала деректерге қарағанда алты жұмысшы Тұран даңғылындағы жаңадан салынып жатқан көпфункциялы мұз айдыны құрылысында құрылыс сатысын бұзып жатып шамамен 20 метрлік биіктіктен құлап кеткен. Үш жұмысшы ауруханаға түскен. Алдын-ала мәлімет бойынша, жұмысшылар Косово республикасынан келген, "Mabco Construction S.A." фирмасының Астана қалалық филиалында жұмыс істейді. Оқиға сағат 11 шамасында болған.