Accessibility links

Савченконың ісі сотқа жөнелтілді


Украиналық ұшқыш Надежда Савченко Мәскеу сотында. 4 наурыз 2015 жыл.
Украиналық ұшқыш Надежда Савченко Мәскеу сотында. 4 наурыз 2015 жыл.

Ресей бас прокуратурасы украиналық ұшқыш Надежда Савченкоға қатысты айыптауды бекітіп, қылмыстық істі Ростов облысының Донецк қалалық соты қарауына жіберді.

Прокуратураның хабарлауынша, шілденің басында Ресей тергеу комитеті Савченконың айыбын ауырлатқан. Бұған дейін украиналық ұшқышқа өткен жылы жазда "Донбасста ресейлік екі журналистің өліміне қатысы бар деген айып тағылған еді. Енді ол айып тікелей "кісі өлтірді" деген айыппен өзгертілген.

Надежда Савченко бұған қоса Ресей шекарасын заңсыз кесіп өтті деп айыпталып отыр. Ресей тергеу комитеті өкілі Владимир Маркин бүгін бұл айыптар бойынша Савченко 25 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Надежда Савченко өзін Украина территориясынан күшпен шығарғанын айтып, тағылған айыптарды жоққа шығарады. Өткен жылы шілде айында қамауға алынғаннан бері ол екі рет аштық жариялаған. Бірнеше елде оны босатуды талап етіп акциялар өтіп келеді.

Мәскеу қалалық сотының соңғы шешімі бойынша, Мәскеу абақтысында отырған Савченконың қамау мерзімі 30 қыркүйекте ұзарған. Бұған дейін Савченконың өзіне қарсы істі алқа сотында қарау өтініші қанағаттандырылмаған.

XS
SM
MD
LG