Иран мен әлемдік алты держава Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты түпкілікті келісім жасасты деп хабарлайды бүгін ирандық және батыстық дипломаттарға сілтеме жасаған Reuters агенттігі. "Барлық күрделі жұмыстарды еңсердік, біз келісімге келдік" деп хабарлаған аты-жөнін атамаған ирандық дипломат агенттікке.
Еуропа Одағы өкілінің хабарлауынша, Иран мен АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Германия сыртқы істер министрлері бүгін Венадағы кездесуде келіссөз қорытындысын жариялауды жоспарлап отыр.
Венада Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне Иранға салынған халықаралық санкцияларды жұмсартуды көздейтін келіссөз екі аптадан астам уақыт жүрген.
Батыс елдері Иранды ядролық қару жасауға тырысады деп айыптайды. Бірақ Тегеран ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейді деп, айыптауды жоққа шығарады.