Accessibility links

Тассайдағы ескі жатақхана

Шымкент қаласына қарасты Тассай елдімекенінде Уәлиханов көшесінің бойында орналасқан, инфрақұрылым атаулыдан суық су мен электр жарығы ғана бар ескі жатақхананың жоғарғы бес қабатында 82 отбасы тұрады. Биыл қаңтарға дейін Шымкенттің әл-Фараби аудандық халықпен жұмыс істеу бөлімі отырған бірінші қабаты қазір бос тұр.

2014 жылы Сайрам ауданынан әл-Фараби ауданына берілген жатақхана аумағы биыл қаңтарда жаңадан құрылған Қаратау ауданына өтіпті. Қалалық билік балансына өткізу жұмысы әлі аяқталып бітпеген жатақхана қазір иесіз қалғандай күй кешіп жатыр.

XS
SM
MD
LG