Accessibility links

4 облыста әскери дайындық деңгейін тексеру басталды


Алматы облысында "Дала қыраны" халықаралық тактикалық әскери жаттығуына қатысып жүрген қазақстандық әскерилер. Тамыз, 2013 жыл. (Көрнекі сурет).
Алматы облысында "Дала қыраны" халықаралық тактикалық әскери жаттығуына қатысып жүрген қазақстандық әскерилер. Тамыз, 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

Шілденің 16-сында Қазақстанның төрт облысында әскери бөлімдердің дайындығын тексеру басталды деп хабарлады бүгін қорғаныс министрлігі.

Министрлік ақпаратына қарағанда, қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің басшылығымен өтетін тексеру Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүреді және ол шілденің 18-іне дейін созылады. Бүгін таңертең төрт облыстың қорғаныс істері департаменттері мен үш мыңнан астам әскери қызметкер әскери дайындық жағдайына келтірілген.

Қорғаныс министрлігі тексеру аймақтарда территориялық қорғанысты ұйымдастырудың іс жүзіндегі жайын бағалау мақсатында жүргізіліп жатқанын айтады.

Қазақстан қарулы күштерінің барлық құрамы шілденің 8-і күні министрдің жоспары бойынша жоғары дайындық деңгейіне келтірілген.

XS
SM
MD
LG