Швейцария билігі АҚШ-қа осы ел жүргізіп жатқан коррупциялық тергеу аясында ұсталған ФИФА-ың бұрынғы шенеунігін экстрадициялады.
Швейцария федералдық әділет бюросы таратқан экстрадиция туралы мәлімдемеде ФИФА шенеунігінің аты-жөні айтылмайды. Бірақ өткен аптада Reuters агенттігі өз дереккөзіне сілтеме жасап ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті Джеффри Уэбб өзін коррупция айыбы бойынша АҚШ-қа экстрадициялауға келіскенін хабарлаған.
"ФИФА-ның қамауда отырған жеті шенеунігінің алғашқысы 15 шілдеде АҚШ-қа экстрадицияланды" деп хабарлады Швейцария әділет министрлігі.
"Цюрихте күдікті америкалық полицейлерге табысталды. Олар оны Нью-Йоркке ұшатын рейске алып кетті" делінген мәлімдемеде.