Accessibility links

Бішкекте арнайы операцияда 4 "содырдың" көзі жойылды


Бішкектегі қарулы топпен атыс болған орын. 16 шілде 2015 жыл.
Бішкектегі қарулы топпен атыс болған орын. 16 шілде 2015 жыл.

Бішкекте бүгін арнайы қызмет жасақтары мен "халықаралық экстремистік ұйым содырларының" арасында атыс болып, күдікті төрт содырдың көзі жойылды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) баспаөз қызметінің мәліметінше, "халықаралық террористік ұйымның қарулы содырларының" көзін жою операциясы кезінде қарсылық көрсеткен төрт адамның көзі жойылған. Бес адам қолға түскен.

Операция Бішкектің Горький және Панфилов көшелерінің қиылысында кешкі сағат 6:30 шамасында басталып, бір сағаттан астам уақытқа созылған. Атыстан арнайы қызмет жасағының төрт қызметкері жараланған. Операцияда бір үй өртенген. ҰҚМК хабарлауынша, атыстан бейбіт тұрғындар зардап шекпеген.

Қауіпсіздік күштері қазір бейбіт тұрғындар өміріне қатер төнбес үшін қауіпсіздік шараларын күшейткен.

XS
SM
MD
LG