Германия парламенті депутаттары үкіметтің Грекиямен осы елге үшінші рет көмек қаржы бөлу туралы келіссөз жүргізуін қолдап дауыс берді.
Еуро қолданатын елдер басшылары осы аптада Грекияға үш жыл ішінде 86 миллиард еуро (шамамен 94 миллиард АҚШ доллары) көлемінде көмек қаржы беруге алдын-ала келісім жасасқан. Грекияның Еуропа одағындағы ең ірі кредиторы Германия Афинадан мұның есесіне бюджет шығынын азайтып, салықты көбейтуді талап еткен.
16 шілде күні кешке Грекия билігі өкілдері грекиялық банктер 20 шілдеден кейін, Еуропа Орталық банкі банктерге қаржы бөлгеннен соң қайта ашылатынын хабарлаған. Грекияға жаңа көмек қаржы түскенше экономикасын бір қалыпта ұстап тұру үшін үш айға 7 милилард еуро бөлінетін болған.
16 шілдеде Грекия парламенті Еуропа Одағы талап еткен салықты көбейтіп, еңбек және зейнетақымен қамтамасыз ету заңдарына өзгерістер енгізу жөніндегі экономикалық реформалар пакетін мақұлдаған.