Accessibility links

Надежда Савченкоға сот 31 шілдеде басталуы мүмкін


Надежда Савченко Мәскеудің Басман аудандық сотында. 4 наурыз 2015 жыл.
Надежда Савченко Мәскеудің Басман аудандық сотында. 4 наурыз 2015 жыл.

Ресей билігі Украинаның шығысындағы Луганск қаласы түбінде мерт болған ресейлік екі журналистің қазасына қатысты айып тағып отырған украиналық ұшқыш Надежда Савченконың соты шілденің 31-і күні Ростов облысындағы Донецк қаласында басталуы мүмкін деген хабар тарады. Алайда, Савченконың адвокаты Илья Новиков ресми тарап әзірше бұл ақпаратты растаған жоқ дейді.

Бұған дейін жұма күні адвокат Новиков қамаудағы Надежда Савченконы Мәскеудің 1-тергеу абақтысынан Ростов облысына алып кеткенін, бірақ нақты қайда апаратыны белгісіз екенін айтқан.

Шілденің 13-і күні Ресей бас прокуратурасы Савченкоға тағылған айыптау қорытындысын бекітіп, оны Ростов облысы Донецк қалалық сотына жіберген.

Надежда Савченко Ресей түрмесінде былтырғы шілде айынан бері отыр. Өзіне тағылған айыптарды мойындамаған ол осы уақытқа дейін абақтыда екі рет аштық жариялаған.

Адвокаттарының сөзінше, 25 жылға дейінгі мерзімге бас еркіндігінен айыру қаупі төніп тұрған Савченконы Украина аумағында ұрлап, кейін Ресейге еркінен тыс апарған.

Бүкіл әлемде Надежда Савченконы дереу босатуды Ресей билігінен талап еткен акциялар үнемі өткізіліп келеді.

XS
SM
MD
LG