Рамазан айы аяқталған соң, шілденің 17-і әлем мұсылмандары басты діни мейрамдарының бірі – Ораза айтты тойлауға кірісті. Оны отыз күн ораза біткен соң шәууал айының 1-3 күндері атап өтеді. Азаттық әлемнің әр түкпірінде бұл мейрамды қалай қарсы алғаны туралы фотогаларея ұсынады.
Ораза айт мейрамы
![Рамазан айы аяқталған күні мұсылман баласы көпшілікпен бірге таңертеңгі айт намазына қатысады. Суретте: Мәскеудегі айт намазына қатысушылар. 17 шілде 2015 жыл.](https://gdb.rferl.org/f96a7733-d288-4b31-80f6-b7fa0dc05d2c_w1024_q10_s.jpg)
1
Рамазан айы аяқталған күні мұсылман баласы көпшілікпен бірге таңертеңгі айт намазына қатысады.
Суретте: Мәскеудегі айт намазына қатысушылар. 17 шілде 2015 жыл.
Суретте: Мәскеудегі айт намазына қатысушылар. 17 шілде 2015 жыл.
![Рамазан айында көптеген елдерде дос-жаран, көрші-қолаңға арнап ауызашар беру дәстүрі бар. Суретте: Ауызашарға арнап тауық еті салынған ыдыстар. Пәкістан.](https://gdb.rferl.org/e7a6484e-64ef-42d3-8d75-650d841306e3_w1024_q10_s.jpg)
2
Рамазан айында көптеген елдерде дос-жаран, көрші-қолаңға арнап ауызашар беру дәстүрі бар.
Суретте: Ауызашарға арнап тауық еті салынған ыдыстар. Пәкістан.
Суретте: Ауызашарға арнап тауық еті салынған ыдыстар. Пәкістан.
![Ораза айында мұсылман ауыз бекітумен шектелмей, бес уақыт намазды қаза қылмай, Аллаға мінәжат етіп, мүсәпір-міскін жандарға қайырымдылық жасайды. Суретте: Бакуде мешітте құлшылық жасап отырған бала.](https://gdb.rferl.org/cc598ac5-a27b-41b5-8dcb-33ed8fc35f78_w1024_q10_s.jpg)
3
Ораза айында мұсылман ауыз бекітумен шектелмей, бес уақыт намазды қаза қылмай, Аллаға мінәжат етіп, мүсәпір-міскін жандарға қайырымдылық жасайды.
Суретте: Бакуде мешітте құлшылық жасап отырған бала.
Суретте: Бакуде мешітте құлшылық жасап отырған бала.
![Қасиетті Рамазан айы басталысымен мұсылман ауыз бекітіп, отыз күн бойы күндіз ас-су ішуден, күнәлі істерден бас тартады. Суретте: Ауғанстанда ауызашарға нан әкеле жатқан бала.](https://gdb.rferl.org/d1ee2c33-48a4-4c42-9dff-762c2cd53d7d_w1024_q10_s.jpg)
4
Қасиетті Рамазан айы басталысымен мұсылман ауыз бекітіп, отыз күн бойы күндіз ас-су ішуден, күнәлі істерден бас тартады.
Суретте: Ауғанстанда ауызашарға нан әкеле жатқан бала.
Суретте: Ауғанстанда ауызашарға нан әкеле жатқан бала.
![Рамазан кезінде ауыз бекіткен мұсылмандар бес уақыт намазды қаза жібермеуге тырысады. Суретте: Кашмирде Рамазан айында намаз оқып жатқан мұсылман.](https://gdb.rferl.org/1a23b0e8-877c-4000-921b-bed0c4181d0b_w1024_q10_s.jpg)
5
Рамазан кезінде ауыз бекіткен мұсылмандар бес уақыт намазды қаза жібермеуге тырысады.
Суретте: Кашмирде Рамазан айында намаз оқып жатқан мұсылман.
Суретте: Кашмирде Рамазан айында намаз оқып жатқан мұсылман.
![Күнделікті өмірде пендешілікке салынып, әлденеге бола ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап жарасады. Үлкендер мен балаларға сый-сияпат жасалады. Суретте: республикалық ауызашар шарасына келген әйелдер.](https://gdb.rferl.org/b071f696-98ea-490d-857d-da190ee0b0c1_w1024_q10_s.jpg)
6
Күнделікті өмірде пендешілікке салынып, әлденеге бола ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап жарасады. Үлкендер мен балаларға сый-сияпат жасалады.
Суретте: республикалық ауызашар шарасына келген әйелдер.
Суретте: республикалық ауызашар шарасына келген әйелдер.
![Рамазан айы біткеннен соң мұсылмандардың ұлы мейрамының бірі - Ораза айт басталады. Суретте: Ораза айтқа тәтті тағам әзірлеп жатқан адам. Жалалабад, Ауғанстан.](https://gdb.rferl.org/f838590c-70c0-4793-a92b-bceb977a9786_w1024_q10_s.jpg)
7
Рамазан айы біткеннен соң мұсылмандардың ұлы мейрамының бірі - Ораза айт басталады.
Суретте: Ораза айтқа тәтті тағам әзірлеп жатқан адам. Жалалабад, Ауғанстан.
Суретте: Ораза айтқа тәтті тағам әзірлеп жатқан адам. Жалалабад, Ауғанстан.
![Көптеген елдерде Ораза айт демалыс күні болып белгіленген. Суретте: Рамазан кезінде намаз оқып отырған ер адам. Индонезия.](https://gdb.rferl.org/0b607dfa-b8ad-481d-a8f3-4a767517ed62_w1024_q10_s.jpg)
8
Көптеген елдерде Ораза айт демалыс күні болып белгіленген.
Суретте: Рамазан кезінде намаз оқып отырған ер адам. Индонезия.
Суретте: Рамазан кезінде намаз оқып отырған ер адам. Индонезия.
![Отыз күн ауыз бекітетін Рамазан айының аяқталуын айт мерекесімен арнайы атап өту 624 жылдан бастау алған деп саналады. Суретте: Ораза айт кезінде оқылған құранға қол жайып отырған косоволық жас балалар.](https://gdb.rferl.org/7e8df9d2-e823-4706-b41f-74d7ea8fb482_w1024_q10_s.jpg)
9
Отыз күн ауыз бекітетін Рамазан айының аяқталуын айт мерекесімен арнайы атап өту 624 жылдан бастау алған деп саналады.
Суретте: Ораза айт кезінде оқылған құранға қол жайып отырған косоволық жас балалар.
Суретте: Ораза айт кезінде оқылған құранға қол жайып отырған косоволық жас балалар.
![Ораза аяқталған соң мұсылман қауымы таңертең мешітте айт намазын оқуы парыз. Суретте: Қырым татарлары мешітте айт намазында отыр. Симферополь.](https://gdb.rferl.org/f98f497f-9d97-4368-ba68-bac889847258_w1024_q10_s.jpg)
10
Ораза аяқталған соң мұсылман қауымы таңертең мешітте айт намазын оқуы парыз.
Суретте: Қырым татарлары мешітте айт намазында отыр. Симферополь.
Суретте: Қырым татарлары мешітте айт намазында отыр. Симферополь.