Accessibility links

Гаагада Малидегі ескерткіштер ісі қаралады


Исламшылар Тимбукту қаласындағы ежелгі мазарды бұзып жатыр. 1 шілде 2012 жыл.
Исламшылар Тимбукту қаласындағы ежелгі мазарды бұзып жатыр. 1 шілде 2012 жыл.

Гаагада халықаралық қылмыстық сот Малидегі Тимбукту қаласындағы тарихи ескерткіштерді жою ісіне қатысты істі қарайды. ЮНЕСКО ұйымының басшысы Ирина Бокова бұл сот процесі осы халықаралық ұйымының бастамасы бойынша өткелі отыр. Бокованың сөзінше, тарихи және мәдени мұра нысандарын жою мәдени құндылықтарды қорғау туралы Гаага конвенциясы бойынша «әскери қылмыс» ретінде қарастырылады.

Тимбуктудегі ежелгі мавзолейлерді қайта құрастыру Малидің мәдени ерекшелігін сақтауға және бейбітшілікті қалпына келтіруге септеседі дейді Бокова. Қиратылған 16 мазардың сегізі қайта қалпына келтірілген, басқалары 2015 жылдың соңына қарай қалпына келіп, дайын болмақ. Исламшылар бүлдірген құнды манускриптер мен мешіттерді қайта құрстыру қаржылай көмекті қажет етеді. Бірақ осы кезге дейін қайта қалпына келтіру мақсатқа жұмсалады деп белгіленген 11 миллион доллардың тек үш миллионы ғана бөлінген.

Малиде 2012 жылы наурызда исламшылар мен көтерілісші туарегтер билікті басып алмақ болған кезде елдегі тарихи-мәдени ескерткіштерге зиян келген еді. Малиге кіргізілген француз әскери контингенті бүлікті басқан болатын.

XS
SM
MD
LG