19 шілде Шолпан атада өткен Қазақстан және Қырғызстан премьер-министрлерінің кездесуінде Бішкек Астанадан Қазақстан иелігіндегі 800 метрлік транзиттік жолын пайдалануға беруге өтініш білдірді.
Қырғызстан бұл транзиттік жолды Бішкек пен Ыстықкөл арасына тіке қатынасу үшін пайдалануды жоспарлайды.
Бұл өтінішке байланысты Астананың жауабы туралы ақпарат жоқ.
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов кездесу кезінде Қырғызстан премьер-министрі Темір Сариевтен 250 километрлік Алматы-Шолпан Ата тас жолының құрылысын тездетуді сұраған.