Accessibility links

Адам құқығы бюросының Қостанайдағы офисі тоналды


Анастасия Миллер.
Анастасия Миллер.

Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі бюроның Қостанайдағы офисіне белгісіз біреулер бұзып кірген. Оқиға өткен демалыс күндері болған.

Филиал директоры Анастасия Миллер Facebook парақшасында "жексенбі түні филиал терезені сындырып, офиске кірген. Олар офисте сақтаулы тұрған құжаттарды ұрлау үшін келуі мүмкін" деп хабарлады.

Қазір осы оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр. Қостанайлық филиал өкілдері Азаттыққа қандай да бір комментарий беруден бас тартып, 20 шілдеде ұйым сайтында ресми мәлімдеме жарияланатынын айтты.

XS
SM
MD
LG