Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иран келісімін мақұлдады


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер өкілдері Иран келісімі жайлы қарарға дауыс беріп жатыр. Нью-Йорк, 20 шілде 2015 жыл.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер өкілдері Иран келісімі жайлы қарарға дауыс беріп жатыр. Нью-Йорк, 20 шілде 2015 жыл.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 20 шілдеде Иранға қарсы халықаралық санкцияларды алу жөніндегі қарарды бірауыздан мақұлдады.

Бұған дейін Қауіпсіздік кеңесінің вето қоюға құқығы бар бес мүшесі - АҚШ, Қытай, Ресей, Франция мен Ұлыбритания және Германия Венада Тегеранмен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты түпкілікті келісім жасасқан. Келісім бойынша, Иран ядролық қару жасауға ниетті емес екенін дәлелдеген жағдайда экономикалық санкциялар біртіндеп алынатын болған.

БҰҰ қабылдаған қарарда келісімді "белгіленген уақытта толық орындауға" және БҰҰ-ға мүше елдерді ол процесті жеделдетуге шақырған.

Қарарда БҰҰ-ның Халықаралық атом істері жөніндегі агенттігі (МАГАТЭ) "Иранның ядролық міндеттемелерін орындап жатқанын қадағалау" тиіс екені айтылады. Құжатта бұған қоса Ираннан " МАГАТЭ-мен "толыққанды ынтымақтастық орнату" талап етілген.

XS
SM
MD
LG