Accessibility links

Йеменде шабуылдан 100-ден астам адам қаза тапты


Дар Саад қаласына жасалған шабуылдан көрініс. Йемен, 19 шілде 2015 жыл.
Дар Саад қаласына жасалған шабуылдан көрініс. Йемен, 19 шілде 2015 жыл.

Йеменде шииттік хусит көтерілісшілерінің елдің оңтүстігіндегі Аден қаласына жақын Дар Саад қаласын атқылауынан 100-ге тарта адам қаза тапты.

Хуситтер Дар Саад қаласын 19 шілдеде, Аден қаласы маңындағы кей аймақтарын бақылаудан айырылғаннан кейін атқылай бастаған.

"Шекарасыз дәрігерлер" (Doctors Without Borders) ұйымы өкілі Хассан Боусиненің айтуынша, қаза тапқандардың 80 пайызы бейбіт тұрғындар. Ол dpa агенттігіне 75 адамның қаза тапқаны расталғанын, бірақ құрбандардың нақты саны 100-ден асып кетуі мүмкін екенін айтқан.

"Кеше Аденде Сауд Арабиясы басқарған коалиция әуе шабуылдарын бастаған наурыз айынан бергі ең қайғылы күн болды" деген Хассан Боусине Associated Press агенттігіне.

Өткен аптада Йемен президенті Абд-Раббу Мансур Хадиге жақтас күштер мен сүнниттік жасақтар Аден қаласының көпшілік бөлігін хуситтерден қайтарып алған.

XS
SM
MD
LG