Accessibility links

ТЖД: Алматы қаласына қауіп жоқ


Сел тасқыны аймағындағы тұрғындарды құтқару шарасы. 23 шілде 2015 жыл. (Сурет Санжар Боқаевтың Facebook-тегі парақшасынан алынды)
Сел тасқыны аймағындағы тұрғындарды құтқару шарасы. 23 шілде 2015 жыл. (Сурет Санжар Боқаевтың Facebook-тегі парақшасынан алынды)

Алматыда екінші рет сел жүру қаупі жоқ деп мәлімдеді қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Ерлан Нұрпейісов.

"Түнгі сағат үште Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгені туралы хабар түсті. Тасқыннан Алматының Наурызбай ауданында бірқатар үйлерді су алған" деді Ерлан Нұрпейісов.

Төтенше жағдайлар департаменті шенеунігі әлеуметтік желілерде тараған "су тасқыны қайталануы мүмкін" деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Су деңгейі көтерілгенімен бөгенге зақым келмеген, Алматы қаласына қауіп жоқ" деп мәлімдеді ол.

ТЖД өкілі қазір оқиға орнында 400-ден аса құтқарушы жұмыс істеп жатқаны да хабарлады.

23 шілде таңға жуық Алматыдағы Наурызбай ауданы аумағында сел жүріп, бірқатар үйді су алғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG