Accessibility links

Әкімдік: Селден зардап шеккендер көмек алады


Шаляпин-Ясауи көшесі қиылысындағы лай су жүріп өткен тұс. Алматы. 23 шілде, 2015 жыл.
Шаляпин-Ясауи көшесі қиылысындағы лай су жүріп өткен тұс. Алматы. 23 шілде, 2015 жыл.

Алматының Наурызбай ауданы әкімі Қуаныш Қашқымбаев бүгін өткен брифингте селден зардап шеккен тұрғындар материалдық жәрдем сұрап жергілікті тиісті орындарға өтініш бере алатынын айтқан.

«Әрбір зардап шеккен адам заңға сәйкес 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде материалдық көмек сұрап әлеуметтік жәрдем орындарына өтініш бере алады. Басқа материалдық шығындар су тараған соң есептеледі. Егер мүліктер сақтандырылған болса, оған төлем мәселесін сақтандыру компаниялары шешеді. Наурызбай ауданын ұлттық гвардия толық күзетке алды. Ұрлық-қарлыққа жол берілмейді» деді әкім.

Алматыда 23 шілдеде түнгі сағат үштің шамасында Қарғалы өзені арнасынан асып, сел жүрген. Жергілікті ақпарат құралдары Алматы қаласының үш ауданы аумағын қамтыған селден әсіресе былтыр күзде жаңадан құрылған Наурызбай ауданы көбірек зардап шеккені туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG