Accessibility links

ІІМ: 900-дей адам тасқын аймағынан эвакуацияланған


Тасқыннан зардап шеккен Қарағайлы елді мекені. Алматы, 23 шілде 2015 жыл.
Тасқыннан зардап шеккен Қарағайлы елді мекені. Алматы, 23 шілде 2015 жыл.

Қазақстан ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, Алматыдағы Қарғалы өзені бойындағы қауіпті аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланған.

Сел жүрген аймақтағы жағдайды әуеден барлау, тасқыннан зардап келген жерлерде қалпына келтіру-тазалау және қаланың су басқан көшелері мен шағын аудандарында келтірілген нұқсанды бағалау жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Қазір оқиға болған жерде ішкі істер министрлігі мен жергілікті атқарушы органдары жеке құрамының 1196 адамы, 160 техника құралы және 3 тікұшағы жұмылдырылған.

Алматыда 23 шілдеде түнгі сағат үштің шамасында Қарғалы өзені арнасынан асып, сел жүрген. Ресми мәліметтер бойынша, Алматы қаласының үш ауданы аумағын қамтыған тасқыннан әсіресе былтыр күзде жаңадан құрылған Наурызбай ауданы көбірек зардап шеккен. Адам қазасы туралы ақпарат түспеген.

XS
SM
MD
LG